Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  64


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аққан суды қатты қылған...

Аққан суды қатты қылған,
Жемістерді тәтті қылған,
Бісімілланы айтқан жанның
Жүрістерін сәтті қылған
Кім екенін білесің,
Жадыңда жүрсін ұлы есім!
Астың дәмін келтіре алған,
Сөздің нәрін келтіре алған,
Хайуанды да, адамды да
Тірілте алған, өлтіре алған
Кім екенін білесің,
Жадыңда жүрсін ұлы есім!
Ауыр тасты жеңілдеткен,
Көңілсізді көңілді еткен,
Сәбилерді күлімдеткен,
Қарияны ғұмырлы еткен
Кім екенін білесің,
Жадыңда жүрсін ұлы есім!
Көкірегіңді көріп тұрған,
Жабыққанда келіп тұрған,
Иман болса берік қорған,
Несібесін беріп тұрған,
Кім екенін білесің,
Жадыңда жүрсін ұлы есім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу