Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сабыр қылып ашу, қайғы, қазаға...

Сабыр қылып ашу, қайғы, қазаға,
Іштің дертін тазала.
Елге болар қадірің!
Жазатайым жаза басып қойсаң да,
Кінәңді біл, тартылсаң да жазаға,
Көп ашытпа өкініштің қамырын!
Табылса да себеп-салдар жүдейтін,
Ашудың бойын ірейтін,
Қайғының қарын күрейтін,
Қазаның орнын бітейтін
Сары алтындай сабырың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу