Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  102


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бұл фәни – ермек...

Бұл фәни – ермек,
Дәмі бар кермек.
Бір көрген түстей
Жүргенің төрлеп.
Кетсең де өрлеп,
Қалмай ма сел кеп.
Мың емес, бір күн
Сынады шөлмек.
«Менікі жөн!» – деп,
Ажал да төнбек.
Шырағың жаққан
Бір күні сөнбек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу