Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  81


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шын жүректен жазған менің өлеңім

Шын жүректен жазған менің өлеңім
Кез келгенге қолдан келмес дер едім.
Нағыз ақын сөз қадірін бағалар,
Бірақ, оған ұқсас ұйқас таба алар.
Қазақ айтқан мақал менен мәтел де
Сәл басқаша айтылады жат елде.
Сүттің қандай ұқсас болса қаймағы,
Ұқсайды екен ғалымдардың ойлары.
Бірақ, небір ғұламалар сый алған,
Сүрелерді шығара алмас қиялдан.
Ақиқаттан аттап ешкім оза алмас,
Періште де аятты ойдан жаза алмас.
Барлық адам, барлық жындар жиналып,
Шығара алмас бір аятты қиналып.
Хаққа сенсең, айта берме босқа өкпе,
Құран сөзі – естілерге ескертпе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу