Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  104


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алтын көрсе, жолдан тайса періште...

Алтын көрсе, жолдан тайса періште,
Өрге тартқан тасың түссе еңіске,
Мезгілің кеш, еткен еңбек еш болып,
Өмір неге жол береді теріске?
Қиналмаймын жауыздарды жай ұрып,
Надандардың жүрген жері ойылып,
Өсекшінің өңешіне от түсіп,
Жағымпаздың жағы кетсе айырылып.
Жол үстінде тұрғаннан соң шошайып,
Пәлекеттен қашқан екен машайық.
Бет пердесін сылып тастап арамның,
Жәдігөйді жақтан ұрсам, несі айып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу