Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  274


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Есіңе алсаң Алланы тұрған сайын...

Есіңе алсаң Алланы тұрған сайын,
Ораза мен тарауық, құрбан сайын,
Мойынға алған жүгің де азаймай ма,
Жаратқанға құлшылық қылған сайын,
Сол мойынды жан-жаққа бұрған сайын.
Күн әдемі көрінер атқан сайын,
Семірмей ме жайған мал баққан сайын,
Қос тізеге сары су ұяламас
Бес намаздың қадірін тапқан сайын,
Жайнамазға тізелер батқан сайын.
Ми қыртысы жазылар білген сайын,
Қатайады жүрегің күйген сайын,
Маңдайыңа жазылған тағдыр болса,
Тағдыр жүгі жеңілдер күн-күн сайын,
Сол маңдайың сәждеге тиген сайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу