Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  62


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Басшыларды құлы дейміз халықтың...

Басшыларды құлы дейміз халықтың,
Шынында олар Аллаға құл, анық бұл.
Құл екенін ұмытады мырзалар
Шығып алса биігіне даңқтың.
Алдын алмақ болып келер қауіптің,
Айтқандарын істегендер тәуіптің,
Күйін кешер жұмыртқалар жер таппай
Шыр айналып, қыт-қыттаған тауықтың.
Қадірін біл күнде көрген жарықтың,
Салмағын біл мойындағы қамыттың.
Тазалауды құйрығынан бастайды
Шіріп жатса егер басы балықтың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу