Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  70


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жаман әдет-қылығымды тастадым...

Жаман әдет-қылығымды тастадым,
Кір-қоқысқа толған жерді баспадым,
Құдай айдап келген жаннан қашпадым,
Есерсоққа есігімді ашпадым.
Жақсылыққа құмарланып жас жаным,
Шайдай ашық болды зеңгір аспаным,
Ізгілердің ізіне еріп, қоштадым,
Өлең жазсам өтірікті қоспадым.
Жүріп өткен әп-әдемі жолыма
Әлдекім кеп, басып, құсып...
ластады.
Бәрінен де осы батты жаныма,
Енді маған не дейсіңдер, достарым?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу