Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  103


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Омартада – ұясында араның..

Омартада – ұясында араның,
Қалың шөпте – арасында даланың,
Биік өскен ағашында орманның
Қой жүнінде – ақ малында адамның
Нышаны бар Алланың!
Алма ішінде – жемісінде жұмақтың,
Су бетінде – толқынында бұлақтың,
Жүрек пенен қалқанында құлақтың,
Жанып тұрған жалынында шырақтың
Нышаны бар Алланың!
Арыстанның «Алла!» деген үнінде,
Балықтың да жүзген судың түбінде,
Суырдың да тыныш жатқан інінде,
Тіпті кескен ағаштың да тінінде
Нышаны бар Алланың!
Алла ұлы!
Жан-тәніңмен сезін де,
Алланы айтпай іс жасама, көз ілме.
Алла есімі айдай анық жазылған
Дөңгеленген жұмыр жердің өзінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу