Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  387


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Мешіт салған – Алладан алғыс алған» –

«Мешіт салған – Алладан алғыс алған» –
Деген сөздің, меніңше, көбі жалған.
Нәпақаңды адалмен тапқан болсаң,
Мың есе артық иыққа салған дорбаң.
Жанын салып Алла үйі – мешіт десе,
Бес намаздан еш уақыт кешікпесе,
Мұсылман сол – Жаратқан ерік берсе,
Қаражатын игі іске көсіп берсе.
Алып шығар баттасқан батпақ-сордан,
Құтқаратын құрған тор, қазған ордан,
Бұрылмайтын еш жаққа тура жолдан,
Дін Ислам – жүрекке болған қорған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу