Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  66


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жақсылық аса алмаған өз басынан...

Жақсылық аса алмаған өз басынан,
Аяйды қайырымын жолдасынан,
Көрсе тек танауының астын ғана,
Еркектің айбыны аспас ұрғашыдан.
Ағайын толып жатыр астамсынған,
Қышыған жерін көріп, құр қасыған,
Жаңалық, не болса да, жастан шығар,
Олардың табылады кім қасынан?
Сондықтан жан аямай құрдасыңнан,
Сескенбей ірілердің тұлғасынан,
Кедей мен кемтарларға жәрдем жасап,
Қанып іш ізгіліктің тұнбасынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу