Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  76


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қой – жәннаттың малы екені белгілі...

Қой – жәннаттың малы екені белгілі,
Жылқы – елшінің пырағы, Һәм дүлдүлі.
Сиыр сүтін қанып ішкен пайғамбар
Түйе мініп жүргендігі белгілі.
Тыңдағандар уәжіме қосылар,
Дос көбейтер сүйіп жейтін асы бар.
Сүт пен айран, қымыз, шұбат, ірімшік –
Мұсылманның адал асы осылар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу