Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  60


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қызық дәурен баста мәңгі тұрмайды...

Қызық дәурен баста мәңгі тұрмайды,
Көп күніңді уақыт келіп ұрлайды.
Жыр бағында қоңыс тапқан бұлбұл да
Гүл қауызын ашқан шақта жырлайды.
Би түсетін үй жоқ болса, жолаушы
Аттың басын ауылға да бұрмайды,
Мағынасыз мылжың сөзді тыңдаушы
Айтушының қабағы үшін тыңдайды.
Жағымпазға болғанымен кім қарсы,
Жағымды сөз айтқаны үшін қумайды,
Бір ауыз сөз алжастырса адамды,
Қарын майды бір құмалақ улайды.
Ақылға сап, ұмытпағын тобаңды,
Бір жағыңнан жетіп келсе бір қайғы,
Үміт үзбе, жіпке тізбе жаманды,
Хаққа сыйын!
Сонда сағың сынбайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу