Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  89


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қуаныш қасіретті ұмыттырса...

Қуаныш қасіретті ұмыттырса,
Пендесі келешектен үміт қылса,
Өмірге қалай ғана кінә артасың,
Бір ыстық, бір суықпен шынықтырса.
Жасадық досқа жапа, қасқа жәбір,
Тәніңді елжіретпес басқа бауыр.
Сөздің де неше түрін сапырыппыз,
Күнәміз таудан үлкен, тастан ауыр




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу