Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  62


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қараңғыдан келсек біздер жарыққа...

Қараңғыдан келсек біздер жарыққа,
Қараңғыға әкетеді табыт та.
Жарық дүния жалған болса, ендеше,
Нұрыңды сен құйып кеткін халыққа.
Бұл жалғанның тазасы мен тозаңы
Бірін бірі кезек басып озады.
Қандай ғажап азаптан соң рақат,
Қандай тозақ рақаттан соң азабы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу