Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  90


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Құдіретті Алла-тағала!

Құдіретті Алла-тағала!
Бар әлемді құзырына қараттың,
Әр хайуанды түрлі қылып жараттың,
Сұр жыланға керегі жоқ аяқтың,
Көртышқанға қажеті жоқ қанаттың.
Жер.Көк.Мұхит.
Әрқайсысы бір әлем,
Сырын ұғып болған жоқпын, сірә, мен.
Бу боп ұштым, қайта қарға айналып,
Жерге түстім, су боп ақтым жырамен.
Бақа-шаян суда есімді жиғызбай,
Көкке шықсам, қарақұстар сиғызбай,
Жер бетінде қоршап алып бөрілер,
Айдалада күңірендім байғыздай.
Ұшқан құстай көк аспанда жалықпай,
Тұңғиықта еркін жүзген балықтай,
Жүрегіме асыл сезім сыйлаған
Алла ғана ұлылығын танытты-ай!
Бұл жалғаннан саналы жан түңілет,
Ақын болсам – Хақ сыйлаған құдірет.
Біреуге бақ, біреуге атақ, ал маған
Талант берген, шүкір саған мың рет!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу