Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  57


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аспандағы бұлттың өзі әртүрлі...

Аспандағы бұлттың өзі әртүрлі,
Бірінде бар найзағайдың жарқылы.
Бірі жатса жұмыртқадай аршылып,
Бірінде бар қатты бұршақ, қар суық.
Әсем болып көрінсе де ақша бұлт,
Әппақ бұлтта нөсер болар жоқ шабыт.
Қап-қара боп түнерсе де қара бұлт,
Құйып өтсе ырза болар оған жұрт.
Бұзып-жарып қара бұлтты торлаған,
Көк жүзінен төгілген нұр – Алладан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу