Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  61


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жүгірген аң, ұшқан құс тіресе алмай күштімен...

Жүгірген аң, ұшқан құс тіресе алмай күштімен,
Өлім құшқан ақыры тырнақты мен тістіден.
Бұғы менен бұлан да аман қалған мың оқтан,
Ажал тапқан орманда мүйіз бенен тұяқтан.
Көресіні көргендер тұмсық және шеңгелден,
Күнге жете алмаған үлестерін тең бөлген.
Қанат қағып, қиқулап ұшып шықса қаз алдан,
Кім құтқара алады тура келген ажалдан?
Ұстағанның қолынан, тістегеннің аузынан
Тартып алар жан бар ма жәбір көрсе жауыздан?
Қуған жетіп, қашқандар құтылғанда қуғаннан,
Қашқан емес, қуғандар көп ақынға жыр болған.
Мергендерді мүлт кетпес, құдіретті Жасаған,
Соқыр қылып қойсайшы аңдып тұрса тасадан.
Көріп, біліп тұрсың ғой адамдардың айласын,
Олар сасық қулығын жер бетіне жаймасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу