Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  108


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қарап тұрсам саралап, өзімді өзім бағалап...

Қарап тұрсам саралап, өзімді өзім бағалап,
«Жазған сөзі бекер!» – деп кім айтады табалап.
Атақ қуып, төр іздеп, көрмесем де құрметін,
Шыққан том-том кітаптан артық менің бір бетім.
Ақыл баста болмаса қайда апарар құр сезім?
Мылжыңдаған көп сөзден артық менің бір сөзім.
Мадақ айтқан ақыннан артық менің өлеңім,
Көлем қуған ақыннан артық менің сәлемім.
Кем-кетіксіз кісі жоқ,
Қажеті не ақталып?!
Кемшілігім бар менің – кететінім мақтанып...
Шүкір,шүкір!
Алланың сыйлығы ғой – өнерім,
Өлеңімді сондықтан жаннан артық көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу