Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алтын менен күмісті уыстаған қос қолдап...

Алтын менен күмісті уыстаған қос қолдап,
Құдайын да танымай, кеткен адам аспандап,
Көкке қолы жетпесе, құсқа айналып кетпесе,
Көкке апарар, бәрібір, таба алмайды баспалдақ.
Қанша байып, марқайып, төлесе де ақыны,
Жаратқанды тануға жетпей жатса ақылы,
Жер үстінде жүргенде дәм таусылып бір демде,
Жер астына түсетін жоғалта алмас сатыны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу