Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  206


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Әзірет Сұлтанның монологы

Алпыс үш жыл тірлік құрдым, бел астым,
Алпыс үш жыл арман қудым, адастым.
Асқаннан соң пайғамбардың жасынан,
Мәңгі-бақи мекен қылдым жер астын.
Әділетке апаратын жол қайда,
Жолдың көбі үзіліп те қалмай ма,
Топырақтан жаратылған адамға,
Бұл қара жер соңғы тұрақ болмай ма?!
Жердің асты – тереңдегі тамырым,
Сонда білдім зеңгір көктің қадірін.
Дәм таусылып, үзілгенде соңғы дем,
Жер астынан қазылмай ма қабірім.
Жалған дүния мәз қылса да ән-күймен,
Жер-ананың тас емшегі мәңгі иген.
Тіршілікте тербеп тұрған жер-бесік,
Өлгенде де қойнына алар әлдимен.
Жер бетінен тапсам бойға дертімді,
Жер астында бастым жанған өртімді.
Рақым қылып, кұдіреті мол Жаратқан,
Ол жақта да жарық қылғын бетімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу