14.07.2022
  77


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қасиетті ай – Рамазан

Жеті тамұқ жабылып,
Сегіз жұмақ ашылған,
Бір Аллаға жалынып,
Дәргейіне бас ұрған
Қасиетті ай – Рамазан.
Ауыз ашар жасатып,
Тарауыққа жиналған,
Жәрдем қолын ұсынған
Адамдарға қиналған
Қасиетті ай – Рамазан.
Туыс көрсе қуанып,
Сәлемдескен ізетпен,
Құран оқып, дұға қып,
Қадір түнін күзеткен
Қасиетті ай – Рамазан.
Қараңғыны қақ жарып
Көктен Құран түсірген,
Әруақтарды ырза қып,
Жеті шелпек пісірген
Қасиетті ай – Рамазан.
Жүректерге гүл шығып,
Ғибрат алып сүреден,
Хаққа жасап құлшылық,
Ізгі тілек тілеген
Қасиетті ай – Рамазан.
Айтылғанда ақ тілек,
Жаратушы жебеген,
Періштелер бақ тілеп,
Қанатымен демеген
Қасиетті ай – Рамазан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу