Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  276


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Аллаһқа шүкір...

Аллаһқа шүкір,
Күй кешіп жүрмін тамаша.
Көңілдің көзін
Жайнатты атқан таң аша.
Арадан өрген
Нараздық-өкпе осылай,
Көктемгі будай
Көтеріліп бір тараса...
Тіліміз келіп,
«Кешірші!» деген шындыққа,
Ашыққа шықсақ
Қалтарыстардан мың бұқпа.
Өзгеріп өмір
Тіршілік тербер бесіктей,
Болмайтын еді
Менмендік деген сұмдық та.
Аллаһқа шүкір,
Сен берген жолдан нұрландым,
Келмейді енді
Ласқа батып былғанғым.
Пайғамбарымыз
Көрсеткен мінез – көркіміз,
Әнеки, күліп,
Көтерді басын қырдан күн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу