Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  115


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Жүректе шоқтанған қоламта қоздайды...

Жүректе шоқтанған қоламта қоздайды,
Мың жылдық дертінің дерегін қозғайды.
Жүгінді Аллаға әмірін тыңдауға,
Әлемін түсініп әдептен озбайды.
Күйігім басылмай, қаныма от берген,
Ардың қоржынын иманға бөктергем.
Көз алдым шекті аумақ, ал, көңіл ашылды,
Көрсетіп ғаршыны түріліп көк пердем..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу