Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  104


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ЫҚЫЛАС ПЕН ИХСАН

Әр амалда болу керек ықылас,
Сәулеленсін ниетің де ып-ырас.
Ризасы үшін ғана Аллаһтың
Тірлік етіп ізгілікке ұшырас.
Рухым биік болсын десең алаңсыз,
Ихсанды боп, иманыңыз қалансын.
Аллаһ көріп тұрғандығын шын сезу,
Жүрегіңнен қаныңызға таралсын.
Ықылас пен Ихсан болса орныққан,
Онда аулақсың екі әлемде қорлықтан.
Мұң кешпейді, мінгеспейді шайтанға,
Мүмүн болып мұсылмандық жолды ұққан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу