Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  82


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Өзгелердің миын шұқыр кездікпен...

Өзгелердің миын шұқыр кездікпен,
Ақымақтан құтылмадық, ездіктен.
Жүрегімді жирендіріп қырттығы,
Тікен болып қадалады сөз біткен.
Өзін-өзі ұлы санап лағады,
Қалықтайды жерге тимей табаны.
«Сері де өзі, әнші де өзі» жар салар,
Қойып алған толық балл мен бағаны.
Қалжыраған ақынсымақ қарттарым,
Шеттеріңнен болып жүрсің нарт бәрің.
Қаратауда бір жықсаң да әкемді,
Ойлатпай ма ұлы дүбір арттағы үн?!
Сөздері лас, ойлары бар бықсыған,
Бар пиғылын нәпсі жайлап, лықсыған.
Азғындаған ағалар жүр арада,
Ілесем деп менің де көп іс, күнәм.
Тағдырына таба алмаған тиянақ,
Сөзі шірік, «қыздар қайда, құй арақ...».
Өнегесіз, берекесіз тірлікпен,
Мылжың «жазғыш» – уақытқа қиянат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу