Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  188


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҚЫРЫҚТЫҢ БЕСІНДЕМІН

Қырықтың бел асар жас бесіндемін,
Өткізген есімде жыл, есімде күн.
Көп кісі ұмытса да тірлік жеңіп,
Ұлт ұлы деген жанның есіндемін.
Бұл жасты көргендер көп еселеп те,
Білінбей одан ары көшеді еппен.
Талайды жеткізбеді қатал өмір,
Қарды көрпе, көк мұзды төсек еткен.
Білемін, шаранамнан сыпырды кім?
Аялсыз өткен екен, шіркін ғұмыр.
Мың тәубе, Жаратқанға ризық берген,
Бұл күнде айтылуда шүкірлігім.
Берді Аллаһ, орын болып сұрағаным,
Жүректен туды жырым, сыналамын.
Жан – рухым, иман – сенім, мінәжатым,
Адамдық өлшемім бар Құран – арым.
Қырықтың тұғырланар бесіндемін,
Оң болды ойлағаным, шешімдерім.
Қаншама қаза болған парызым бар,
Күнәмді, о, Жаратқан, кешір менің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу