Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  72


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

КӨКТЕМ БІЛІНДІ

Көктем білінді, көктем білінді,
Көрдім шуақты көктен күнімді.
Қозы-лақ қуып, қоралы қой баққан,
Сағындым сол бір өткен күнімді.
Қырға тебіндеп көк көтерілді,
Көресің қыстай төккен теріңді.
Аталар шығып дөңнің басына,
Өткізер көзден өскен төліңді.
Адамдар сергіп, арқасы кеңіп,
Көмейден көкке ән тасып өріп,
Бой түзеп жігіт аруын іздейді,
Көңілі көншіп, қалқашын көріп.
Наурыз төрледі көңілге серпін,
Қуаныш сыйлар өмірге сенсің!
Адам біткеннің ашылып сарайы,
Сезілер сәт бұл, жеңілдеп еркін...
Наурыз – жыл басы қандай ғаламат,
Тірі жан біткен таңдай қағады-ақ.
Тағы бір көктем бөледі нұрға,
Тамсанып тұрмын таңды аймалап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу