Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  67


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҚҰТҚАРШЫ

Тіршіліктің әр секунды сынақ бір,
Емтиханға есті жауап сұрап тұр.
Жүрек төрі орын берсе Аллаһқа,
Жол көрсетер болады сол шырақ нұр.
Ұйтқып соққан заман желі ызғырық,
Көрмей кетті үйден тыю қыз қырық.
Жігіттерім жиренішке жінікті,
Аздырғыш у қанын босқа қыздырып.
Тіршіліктің мәні біреу – мінәжәт,
Құлшылығым болсын Алла, жыр – азап.
Сұр тұманға жолықтырмай құтқаршы,
Жаратушы жалғыз Раббым Раззақ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу