Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  98


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ИМАН ҒАНА

Шіріген лас өмірдің ішіндемін,
Адамдар – нәпсіге құл, түсінгенім.
Әдепке келтірем деп ұмтылсам да,
Әлсізбін, жетпейді ғой күшім, демім.
Пенделер малдан асып мандырады,
Арналды арамдыққа жан құмары.
Іргесін тасқын орып, тасыған сел,
Тіреусіз «тірлік» деген жар құлады.
Жүгенсіз батыс кетті бейпілденіп,
Лағнеттің түршігесің кейпін көріп.
Былыққан отбасында ұят қалмай,
Жетектеп құрдым еткен ойсыз желік.
Таппайсың ойы бөтен мидан баға,
Әзәзіл шатастырды сыйдан қаға.
Ғаламды ұстап тұрған көрікті етіп,
Адамды адам етер иман ғана...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу