Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  117


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Өртеніп менің өзегім...

Өртеніп менің өзегім,
Демімнен жалын атады.
Өзіме жат боп өз елім,
Жүректі көздеп атады.
Қазақтық қаны суалып,
Бөтен бас артқан екі аяқ.
Төрешім – ақша, қу – алып,
Күйдірген жолын от аяқ.
Жанартау тулап ішімде,
Өлең боп қайнап атылған.
Атажұрт – арман түсімде,
Қонысқа жаңа тасынғам.
Тамырым кеткен тереңге,
Топырақ – мекен тұрағым.
Ризығын Аллаһ терем де,
Қыбылаға бетті бұрамын.
Өкпелеп нетем пендеге?!
Аман бол, жерім, киелім!
Ұлтымның рухы көмбе де,
Атыңа Қазақ иемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу