Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  90


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер...

Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер,
Америка толқын тулап, жұлқынды жел.
Қар жауып, оңтүстікте үсік жүрді,
Ыстықтап Қазақстан жыртылды кер...
Қай жерде күпір асып өктемдесе,
Жазалау басталады көктен неше.
Бір өзін «Құдайы» санап жер бетінің,
Ферғауын Ніл астына кеткен кеше.
Пендені тәкаппарлық билеген де,
Жылы сөз естілмейді үйден елге.
Қалады опығына орын таппай,
Қамырдай қайта әкеліп илегенде.
Татар дәм алданыш боп жуындылар,
Алтынның атақ көрер буын бұлар.
Қай жерде азғын ұрпақ бас көтерсе,
Сол жерді Қаһар келіп буындырар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу