Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  74


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ТОЛҚЫН

Дүние – толқын, бетіндей ол теңіздің,
Бірінен соң бірі жатқан ұласып.
Әмірімен Аллаһ деген Иеміздің
Кетер бәрі көкжиек пен қыр асып...
Дөңбекшіген, аунақшыған ақжалдар,
Аспандата ақ маржанын шашады.
Қайда Бұхар, қайда Абай, Мағжандар,
Майқы би мен қайда қазақ Асаны?!
Толқындардың шым түбінде мың ғажап,
Көзің жетпес көрінбейтін қараңғы.
Жел соққанша былқ етпейді бұл қазақ,
Бір қозғалса батырады қараңды...
Дүние – толқын, жалған бәрі, қас қағым,
Жалғастырған адамзаттың тізбегін.
Біз барамыз жүректе үрей, баста мұң,
Күнде сезіп келе жатқан күз демін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу