Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  69


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

КҮРСІНІС

Болғандай мынау әлем, тіршілік тар,
Өртеген өзегімде күрсініс бар.
Көктемді көңілім жасып қарсы аламын,
Құбылтып ән салмайды жыршы құстар.
Арманым секілденіп түсті сағым,
Баяғы басымдағы ұшты сәнім.
Келеді күз кірбеңмен, жаз жабырқап,
Ашпайды ақ мамықтай қыс құшағын.
Сыйқы жоқ, сырт береді шимай далам,
Өксимін, өз-өзіме сыймай барам...
Тамызда кірпігіме мұз байланып,
Қаңтарда заман болды ми қайнаған...
Бұл күнде адам азып, қой шелденді,
Ал менде қиял тасып, ой селдеді.
Мұңым ба, қуаныш па, қайдан білем?
Көзім жас, көңілім менің кемсеңдеді.
Мөлдіреп түпсіз терең жыр – шүңетім,
Оқимын құдіреттің Нұр Сүресін.
Ұлтымның ұлы болып туғаннан соң,
Кезім көп көңілім босап күрсінетін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу