Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  80


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ӨКПЕ

Өкпелейміз көсемге, патшамызға,
Апарды деп қатерлі аспа-құзға.
Өкпелейміз мол жеміс бермеді деп,
Баптай алмай қуратқан бақшамызға.
Өкпелейміз «қыз бердің, ұл қайда» деп,
«Бел бүгіліп, жасым да ұлғайды» деп.
Өкпелейміз «ұл бердің, қыз қайда?» деп,
«Мініс мініп, ұстайтын пұл қайда?» деп.
Өкпелеткен әйтеуір өзгелер деп,
Ойламаймыз басыма сөз келер деп.
Күлімізді шығарып күйбің-күйбің,
Күнімізді өткіздік көздеп ермек.
Өкпелейміз ханға да, қарашаға,
Себебі көп… ағайын, бала-шаға.
Хақсыз жүрек өкпені өндіреді,
Аллаһ деген, япырм-ай, адаса ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу