Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  96


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

БІР ӨЗІҢЕ АРНАЛАДЫ

Өмір берген бір өзіңе жүгінем,
Ақиқаттың ұстаттың сен жібінен.
Ғашық болдым, асық болдым ақ нұрға,
Жүрегім мас, махаббатқа жібіген.
Кенелдірдің ризыққа, шуаққа,
Жолықтырдың «ғылым» деген суатқа.
Адамдардың үстем етіп мерейін,
Қауыштырдың қажымайтын қуатқа.
Алла саған бас иемін, сыйындым,
«Акбар» десем жеңілдейді қиын күн.
Рухымды жарқыратып, жайнатып,
Көкірекке иман болып құйылдың.
Аманатың – жан құсымыз,
Хаһ жолында бар күшіміз.
Бір өзіңе арналады,
Мақтау, мадақ, алғысымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу