Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  80


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

КҮБІРЛЕП СЫРЛАСАМ ДА...

Дәулетбек арлы ақының келеді деп,
Жыр жазып толғанып ем дерегі көп.
Бөлінген жүрегімнің Протоны –
Өмірге қосылуда өлең үдеп.
Кезім жоқ айналама жәй қараған,
Алдымнан қарсы алады майдан-алаң.
Бұйрығын періштенің тыңдаймын да,
Ойларды жұлдыз бен күн, айдан алам.
Кәусар деп қос қолына у ұстаған,
Санама енсе сайтан қуып салам!
Жолымнан адастырып айнытпақшы,
Алланың ақ нұрына жуықтасам.
Ой алсам Алла айтқызған Періштеден,
Атымды өрге бұрам еңістеген.
Аралап бау-бақшасын тіршіліктің,
Жететін ақыретке жеміс терем.
Ғасырдың екпіні зор, сұсы қатты,
Ызғарлы қабырғаға қысы батты.
Күйдіріп аптабы да аямайды,
Шүмектеп тер құйылып, пысынатты.
Дәл солай көріп келем, біліп келем,
Тазалық – Пырағымды мініп берен.
Күбірлеп сырласам да Періштемен,
Ойымды жинақтаймын бірікпеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу