Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  69


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ҚҰЛДАРЫ ҰМТЫЛСА ЕГЕР ШҰҒЫЛАҒА

Болғанын біле алмадым осым неден,
Бір кезгі алыстадым досымменен.
Жолына қарап әркез отыратын,
Бір үзім нанды бірге тосып жеген.
Бұл күнде өрісім бар алған бөлек,
Арман бөлек, өмірде талғам бөлек…
Бір болып шыққанымен ана тілім,
Жүрек сезер өзгеше таңнан дерек.
Ал бірде кезіктіріп күтілмеген,
Ортақ бір ой табасың пікірменен.
Салса да әлегіне әттегендер,
Түсесің қалыбыңа шүкірменен.
Жолығар оңай табақ, оңай қасық,
Қайда бар?!
Ілгерілейсің санай басып…
Алайда алғы күннен күткендерің,
Келеді ниетіңе орайласып.
Мүмкін ол содан шығар – бағыт басқа,
Не етермін бөлек пікір қалыптасса.
Құлдары ұмтылса егер шұғылаға,
Аллаһтың берері мол ғарып басқа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу