Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  76


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ӨЗГЕНІҢ ҚОЛЫНДА ЖҮР ЕРКІНДІГІМ

Бұл күнде білер дейсің сертімді кім?
Іздеген жиһанкезбін жер кіндігін.
Өзіме қайтаруға тиістімін,
Өзгенің қолында жүр еркіндігім.
Ей, менің еркіндігім шырылдаған,
Талықсып, ауызда қан, мұрында қан.
Өксітіп ғұмырымды өткізем бе,
Тоғышар арасында ырылдаған?!
Пенделер басыма әуре үйді кілең,
Жөніне сала алмады миды бір ем.
Өтуге борыштымын екі өмірде,
Тек қана бір Алланың билігімен.
Қолың тарт, қоқаңбайлар, әуре етпегін,
Сәнденген қызықтырмас сәулеттерің.
Жаратқан өзі ғана билеп-төстер,
Жаны пәк Байтұрсынның Дәулетбегін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу