Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  98


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Кешір Аллаһ!

Кешір Аллаһ!
Жүрегі тас пендеңді жібітуге жоқ шара,
Оның басын мен емес, сен саласың ноқтаға.
Санасына сәулені түсіретін тағы өзің,
Мен тоқтата алмаймын,
бара жатыр оппаға…
Қасарысқан қырсығы биік еткен өз ісін,
Қожасындай әлемнің ойы – «асқар»,
сөзі – «шың».
Тек өзі пәк қатеден, басқалардың міні мың,
Сабадағы айрандай көрсең оның божысын.
Тірсегіне келмейді тірлік етіп жұп құру,
Мүмкін емес, ол үшін адамдықты ұқтыру.
Өз бойының қай жерге келерінде ісі жоқ,
Өкірештеп әйтеуір айтқанында нық тұру…
Бір жұғыстық болар ед адамдардан дарыса,
Аршын төсін жабар ед иман жолын таныса.
Ортамыздан осылай озып шығып жатады,
Мыстан кемпір тағына
таптырмайтын «Ханыша».
Пенделерді бұрады әр қиырға әр таным,
Мен мойныма Аллаһтың
парыздарын артамын.
Көкдолымен көргенсіз Хаһтың
жолын тапса екен,
Зікір айтып күбірлеп таспиғымды тартамын.
Кешір, Алла!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу