Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  124


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ИСЛАМ ҒАНА

Көз алдыңнан көрінсе де қаңдай шың,
Оған жетпей, жүрісіңнен танбайсың.
Егер АЛЛАҺ сәтін мүлде салмаса,
Өзіңді-өзің алып шыға алмайсың.
Сауыт киген күн көрмеген күс денең,
Жортуылмен болсаң да аттан түспеген.
Жер бетіне орнатуға шараң жоқ,
Туыстықты, тыныштықты күшпенен.
Шындап жиып жылдар күткен, ай күткен,
Дәулетіңнің дәрмені жоқ, шайлықты ел.
Бейбіт өмір бере алмайсың пендеге,
Шет-шегі жоқ, ертеңі жоқ байлықпен.
Жер шарының құшағында тудық тең,
Алуан арман бар кезінде – қудық – дем.
Бере алмайсың барша жұртқа береке,
Басқа кімнен, асқаныңмен қулықпен.
Құдыретпен ғажап ғаршы қаланды,
Аллаһ десең жарық болар қараңғы.
Имандылық шұғыласына ұмтылсаң,
Ислам ғана құтқарады ғаламды...
Көргің келсе қой үстінен жұмыртқа,
Нәпсі – шайтан арбауына құнықпа.
Жүрегіңнің дарбазасын айқара аш,
Ібілісті зынданға тық, құлыпта!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу