Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  69


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ОСЫЛАЙ

Шығып келем тұманнан,
Тұңғиығын қалдырып.
Жарық түсе бастады, меңіреуді таң түріп.
Азан дауысы тамылжып,
шымырлатты бойымды,
Қан жүгіріп тәніме, тіршілікке тәнті қып.
Жолаушымын мен де бір,
азабы мол адасқан,
Үрей-күдік бүйірге біліндірмей жанасқан.
Бақытыма бір Аллаһ нұрын төкті төбеден,
Шын дүние көрінді
шымылдығын жаңа ашқан.
Нық орныға бастадым үш сирақты мосыдай,
Қарсы алатын халдемін елімді де шошымай.
Енді менің аспаным
бұлттанбайды ешқашан,
Ұлы Аллаһ Ием бар, жайым міне осылай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу