Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  72


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Тіршілікте әр алуан іс табылар...

Тіршілікте әр алуан іс табылар,
Маған да бір жақсылықтың таңы бар.
Тондылық пен қоңдылыққа мән берме,
Есті болсаң ет қашқанда танып ал!
Сынақ өмір сыртын беріп барады,
Жеңі-жырым, сауыс-сауыс балағы.
Серіңді де, еріңді де еңкейтер,
Сізден де бір, бізден де бір қалады.
Қалады сол... жалғандықтың тамамы,
Мұз үстінен көтерілген тағаны.
Мәңгілікке аттағанда, тек сені,
Бар болса егер,
Иман ғана табады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу