Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  66


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

АЙТАРЫМ

Дауы бар, жаласы бар,
Меншілдік өктемдік бар.
Тыңдасаң жан ашығар,
Есінде көп кемдік бар,
Адамға бас игім келмейді.
Ықтайтын биіктерді,
Зықтайтын аласаны,
Құптайтын үйіккенді,
Ұқпайтын арашаны,
Адамға бас игім келмейді.
Жәбірлеп өзгелерді,
Рахатын іздейтұғын,
Жамандық көздегені,
Қадайтын біздей тілін,
Адамға бас игім келмейді.
Кесірі бастан асқан,
Санасы қап-қараңғы,
Жүрек кір, ласқа батқан,
Жөн дейтін мақтағанды,
Адамға бас игім келмейді.
Пенделер сөзіндегі,
Беріктік қожыраған,
Жетпейді төзімдері,
Сенімнен ажыраған,
Адамға бас игім келмейді.
Ақырма жығамын деп,
Кіріптар күн кешпеймін.
Иманда – шыдамым тек,
Азғынға мінгеспеймін.
Адамға бас игім келмейді.
«Аллаһ» – деп сөз бастасаң,
Қасыңнан табыламын.
Жеңбейді өзге, ешқашан,
Рәббіме табынамын,
Аллаһқа басымды иемін.
Ғашықпын нұрына,
Сүйемін!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу