Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  105


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

ЖҮРЕК

Төбедегі жарық Күн –
Қуат көзі халықтың.
Ақ бетіңді бұлт басса,
Бағы тайған ғарыппын.
Төңкерілген көк аспан,
Жұлдыздарың жол ашқан.
Тұмшаласа сұр тұман,
Бейшарамын адасқан.
Дөңгеленіп толған Ай,
Солғын сәулең сорғалай,
Жартыласаң жасимын,
Көңілге күй орнамай.
Ашық түнде үңіліп,
Жұлдыздарға бірігіп
Кетемін де,
Кеземін...
Қойған бәрін кім іліп?!
Құстан, аңнан, масадан,
Жерден, көктен, тасадан.
Бір сәйкестік сеземін,
Қиюымен жасаған.
Тым ұзаққа телмірем,
Неткен ғажап теңдік ең?!
Жиып жалғыз шешімін,
Жүрегіме ендірем!
Салтанатты тақ құрған,
Мейлі бол сен аш-тырбаң.
Тұрады екен жауабы,
Аллаһ деген ақ нұрдан.
Алла – ұлы, бұл өктем
Шығаратын түнектен.
Барлығының бастауы,
Басталады жүректен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу