Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  72


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

БАС КӨТЕРУ

Бас көтеру...
ол өзімді құтқарғаным сұмдықтан,
Аял таппай шарқ ұрамын
Азиядай құрлықтан.
Жүрегімнің иран бағы, салтанатты сарайы,
Қала сынды қақалуда қапияда құм жұтқан.
Бас көтеру...
өзімді-өзім алып шығу шүңеттен,
Тірлік – түрме,
желкеледі бұғауымен тым өктем.
Бас көтеру...
Аллаһ нұрын аңсағаным алыстан,
Шыдам бітті,
шығу керек шыңыраулы түнектен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу