Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  71


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Аллаһтың жасалды әлем пішімімен...

Аллаһтың жасалды әлем пішімімен,
Дәл мынау бүгінгідей пішінімен.
Адамды Хауанамен бір жұп етіп,
Сынаққа жер бетіне түсіріп ең.
Адамға бердің бәрін бағындырып,
Көбейіп... тайраңдады тағын құрып.
Күнәкәр пенделерің азғындауда,
Ібіліс әкетуде табындырып...
Сәулесіз өткен күнге өкінемін,
Кірлерін жүрегімнің кетіремін.
Адасқан мынау әлсіз құлдарыңның,
Иманмен жарқыратқын көкірегін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу