Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  73


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

БЕКІМ

Кім келіп бұл өмірге, кім кетпеген?!
Әрине, таусылмайды міндет деген.
Болжамың болмаса егер болашаққа,
Болады өткізуге күнді еппенен.
Ұрпаққа ертең келер не беремін?
Қалмаса бір өнеге, не керегім?!
Ойлап жүр адам біткен нан қайғысын,
Тіршілік қайнап жатқан төңірегім.
Қазынам жабық жатыр, ашылмады,
Ойларым хатқа түспей басымдағы.
Жазғаным үш дәптер жыр, «Күнделікпен»
Осынау отыз алты жасымдағы.
Қиырда қиял қуды қыршын күнім,
Сұм заман тақымға сап қыл шылбырын.
Жазсам деп жаным байыз таба алмай жүр,
Адамзат өмірінің бір шындығын.
Күн көріс үпі-тәпі, құрғақшылық,
Ондайда қарайды екен құл жатсынып.
Өмірден алдым,
Бұйыртса, берерім бар,
Аллаһтан болар маған бір жақсылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу