Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  79


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп...

Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп,
Аздырып басыңды ілер көгені көп.
Алданба, елес қуып, есің кетер,
Исламнан басқа жолдың көмегі жоқ.
Наркүмән күндер өтті әрі-сәрі,
Таңдардың ата берді тағы саны.
Коммунист алжастырды діннен безген,
Ұқпадық жанның нұрмен табысарын.
Өзінен тұрғанындай өңір ғалам,
Адамның шайтан жеңді көбін надан.
Аллаһты шын таныған күннен бастап,
Өзгеріп сала берді өмір маған




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу