Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  127


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем..



Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем,
Жаратқан, жаңылдырма шүкірліктен.
Дінімді беріктей түс мұсылмандық,
Шайтаннан сақтанайын, күпірліктен.
Нұрландыр жүрегімді иманыңмен,
Өзіңе тәуелдімін үй, жаныммен.
Бір Аллаһ, саған ғана сәжде қылам,
Ант етем өзің берген ми-қаныммен.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу